Сәрсенбі, 06 қараша, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Жаза ұғымына және заңдылықты сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жандандырылуда

14.08.2023

361 0

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады.
Пробация қызметінің негізгі міндеті қоғамнан оқшаулауды қажет етпейтін жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандармен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға тарту, оған қоса салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамдық іс-шараларға қатысуға бейімдеу, қандайда бір әлеуметтік құқықтық көмектің түрлері және қоршаған ортамен қарым-қатынастарын және мінез-құлқын қалыптастыру, тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасалуда.
Сол мақсатта жыл басынан есепте тұрған сотталғандармен «Адам құқығымен бостандығы» атты тақырыпта жаза өтеушілерге өздерінің құқықтарын, жауапкершіліктерімен міндеттерін түсіндіріп, ұғындыру мақсатында прокуратура қызметкерлерімен жиі кездесулер өткізіліп, оған қоса Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Шаймаханмен бірлесіп қайта қылмысқа және құқық бұзушылыққа бейім сотталғандарды тұрғылықты мекенжайларынан бірлесіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп, жеке-жеке құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау жөнінде профилактикалық тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізіліп, оған қоса әлеуметтік құқық көмек алу мүмкіндіктері түсіндірілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: