Құрылтай

Бейсенбі, 23 шiлде, 10:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда 9,4 млн адамның тұрақты жұмысы бар

23.07.2026

51 0

Фото: Gov.kz

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 108,5 мың адамға артты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өсімнің негізгі үлесі еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер санының көбеюі есебінен қамтамасыз етілді. Олардың саны 7 млн 140,9 мыңнан 7 млн 290,4 мың адамға дейін өсіп, шамамен 150 мың адамға ұлғайды.

— Ресми жұмыспен қамтудың артуы — экономиканың тұрақтылығын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Өйткені еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік және еңбек кепілдіктерінің толық пакетімен қамтылады. Олардың қатарында міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жарналарының аударылуы, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төлемдер және еңбек құқықтарының қорғалуы бар, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар тұрақтылығы төмен жұмыспен қамту түрлерінің үлесі де азайып келеді. Бір жыл ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2 млн 142,5 мыңнан 2 млн 101,6 мың адамға дейін қысқарды. Ал тәуелсіз жұмыскерлердің саны 357,2 мыңнан 326,6 мың адамға дейін, яғни 30 мыңнан астам адамға азайды. Бұл азаматтардың біртіндеп экономиканың ресми секторына ауысып, әлеуметтік кепілдіктер жүйесімен қамтылуының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Оң өзгерістер жұмыссыздық көрсеткіштерінен де байқалады. Жұмыссыздар саны 446 мың адамға дейін төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 4,5% деңгейінде сақталды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: