Құрылтай

Бейсенбі, 23 шiлде, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатын алды

23.07.2026

57 0

Фото: «Қайсар Арена» стадионы

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы ресми түрде УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатына ие болды.

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатын алды

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында аренаға УЕФА-ның стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі өкілі Скотт Струзерс инспекциялық сапармен келген. Сарапшы нысанмен егжей-тегжейлі танысып, стадионның УЕФА-ның стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі регламентіне сәйкестігін бағалады.

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатын алды

Тексеру нәтижесі мен есептерді талдау қорытындысы бойынша УЕФА «Қайсар Аренаға» ең жоғары төртінші санат берді. Енді Қызылорда стадионы ең жоғары деңгейдегі халықаралық матчтарды, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі және Ұлттар лигасындағы ойындарын, сондай-ақ еурокубок турнирлері – Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының іріктеу әрі негізгі кезеңдерін қабылдауға толық дайын. Бұл санатты алу аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытудағы және еліміздегі халықаралық футбол кездесулерінің географиясын кеңейтудегі маңызды қадам болды.

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатын алды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: