Бейсенбі, 22 тамыз, 14:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66-2076
20.08.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Күлкінің де күлкісі бар» атты сатиралық шығармалардың облыстық байқауы өтеді

21.08.2024

258 0

Күлкінің де күлкісі бар

Белгілі журналист, жазушы, Сыр еліндегі алғашқы тәуелсіз басылым «Ақмешіт апталығы» газетінің негізін қалаған әрі бас редакторы болған Әділхан Айтмағамбетұлы Бәйменовтің 80 жылдығына орай Қызылорда қаласында «Әлімсақ» журналының ұйымдастыруымен өткізілетін «Күлкінің де күлкісі бар» атты сатиралық шығармалардың облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқауға сатира жанрында жазылған шығармалар қабылданады. Байқауға қатысушылар екі бағытта бақ сынайды.
Прозалық бағытта жазылған әзіл әңгіме, фельетон, памфлет, интермедия және поэзиялық бағытта әзіл-сықақ өлең, пародия, мысал өлең қабылданады.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

  • Сыр өңірінде жоғалып бара жатқан сатиралық жанрларға дем беру, сатира жазатын ұрпақты қалыптастыру;
  • сатира жанрында қалам тербеп жүрген шығармашылық өкілдерін қолдау және олардың әдеби туындыларын насихаттау;
  • сатира жанры бойынша қалам тартатын қаламгерлерді қалың оқырманға таныстыру;
  • бұрынғы сатириктердің ізін жалғау, олардың шығармаларын оқуға, талдауға үйрету, өткенді бүгінмен сабақтастыру.

Байқаудың талаптары және өткізу мерзімдері:
Конкурсқа барлық қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады, жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін alimsak@mail.ru поштасына жолдайды.
Конкурсқа қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды.
Байқауға сатира жанрында бұрын жарияланбаған шығармалар қабылданады.
Осы Ережеде көрсетілген байқау талаптарына сәйкес келмейтін, бұрын жарық көрген, байқау мерзімдерін сақтамаған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Шығармалар 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Қызылорда қаласында өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: