Жексенбі, 08 желтоқсан, 05:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

 «Ешкім қазақтың қызын ұруға, ұрып өлтіруге қақысы жоқ»: Мәжіліс депутаты

22.08.2024

445 0

Сурет:видео кадр

Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Kozqaras podcast youtube-арнасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қалай қабылданғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, ҮІІІ шақырылымда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғаған.

«Әйелдер тақырыбы маған жақын болды деп айта алмаймын. Өйткені біз білім саласындамыз, ол жерде 90 пайыз әйелдер. Ондай жерде әйелдердің арасындағы интригадан аман шығу өте қиын, бәсекелестік өте жоғары. Басында әйелдердің тақырыбы дегенде шынайы түрде қабылдамадым. ҮІІІ шақырылымда сайлаушыларда 2 әйел ғана бар екен. Сөйтіп, әлеуметтік желіге заңгер Халида Әжіғұлова «8-шақырылым деп өздеріңді мойындатқыларың келсе, отбасындағы зорлық-зомбылық заңы 2021 жылы қайтарылған, соны қайтаруларыңыз керек. Ал заң орындалмаса, орындарыңыз көк тиын» деп жазды. Содан біз әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің алдында мәселе көтердім. Бірінші рет біз сәуір айында дөңгелек үстел өткіздік. Оған барлығы қатысты. Өте қызу, тартысты талқы болды. Түсінгеніміз бойынша, 2017 жылдан бастап бізде денсаулыққа қасақана жеңіл-желпі зиян келтіру және ұрып-соғу баптары алып тастаған да, әкімшілік құқық бұзушылық кодекске салған. Содан бері бізде отбасылық зорлық-зомбылық үш есеге дейін өскен. Оның ішінде әйел өлімі, баланың қауіпсіздігі мәселелері артқан. Оған бізге көп зерттеулер алып келді. Осы екі бапты криминализацияламай басқа жерге мойын бұруға болмайтынын түсіндік. Сөйтіп, біз заңды дайындап бастадық», – деді ол. 

Осы заңды дайындаған соң ол депутаттық сауал жолдаған.

«Қараша айында резонансты үлкен оқиға болды. Сол оқиғаға байланысты депутаттық сауал жолдадым. «Үкіметке кеткен заңымызға қорытынды жоқ» деп қатты айттым. «Ешкім қазақтың қызын ұруға, ұрып өлтіруге қақысы жоқ» деп пайымымды жаздым. Сол депутаттық сауалды оқыған кезде залда сондай тыныштық орнады. Жазылғаннан ауыр депутаттық сауал болды. Ол тағдыр ғой. Дегенмен бір қазақ қызының тағдыры емес, бүкіл қасіретті қазақ қыздарының тағдыры. Оны айту қандай қиын болса, тыңдау да сондай қиын болды. 8 депутат қосылмады, 90 депутат қолдады. Содан бастап заңға байланысты «сең» қозғалды. Сөйтіп, қаңтар айында Мәжіліске заң жобасы болып жұмысқа қабылданды», – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: