Бейсенбі, 22 тамыз, 14:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66-2076
20.08.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада коронавирус инфекциясы бойынша ахуал тұрақты

22.08.2024

75 0

Бүгінгі күні Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты деп бағаланады. Жыл басынан бері, яғни қаңтар-мамыр аралығында аймақта 76 адамнан COVID-19 жұқтыру дерегі анықталса, мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін коронавируске шалдығудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Басым көпшілігі ауру симптомдарымен анықталды және ауруға қарсы екпе алмағандар үлесінде.
Коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, республика көлемінде коронавирустық инфекция көрсеткіштері алдын алу іс-шараларын күшейтуге негіз болып отыр. Бұл ретте ЖРВИ, вирустық пневмония және КВИ-мен емдеуге жатқызудың өсуінің байқалмайтынын атап өткен жөн, бұл КВИ ағымы көп жағдайда жеңіл түрде өтіп жатқандығын растайды. Мәселен, секвенирлеудің соңғы деректері бойынша Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, жағдайлардың 100% омикрон штамының әртүрлі нұсқалары таралуда.
2024 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының №7 Қаулысы қабылданды, онда ЖРВИ, тұмау және СОVID-19 бойынша 2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу көзделген.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирус және ЖРВИ мен тұмау ауруларының алдын алу үшін келесі сақтық шараларын ұсынады:
үй-жайларда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіп, желдету режимін жүйелі сақтау;
қол гигиенасын орындап, антисептиктер пайдалану;
тұмау, ЖРВИ, КВИ ауру белгілері бар адамдармен байланысты мейлінше шектеу және байланысқан жағдайда арақашықтық пен маскалық режимді орындау;
ауру белгілері байқалған кезде өз бетімен емделмей, дәрігерге уақытылы қаралу.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: