Сәрсенбі, 28 тамыз, 08:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68-2078
27.08.2024
PDF мұрағаты

Журналистке әскерилер «шабуыл жасады»

27.08.2024

203 0

Фото: instagram.com/ruslan_utepbai/

«Көреміз» бағдарламасының журналисі Руслан Есмагамбетовке әлеуметтік желідегі әскерилер «шабуыл жасады», – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Әскерилердің әлеуметтік желідегі шабуылына себеп болған – журналистің «Әскерге бару – міндет, алайда қазір індетке айналып бара жатыр» деп басталатын әскер туралы видеосы. 

«Менің парақшама «әскерилер шабуыл жасап жатыр! Менімен күрескенше, әлімжеттікпен күрессеңіздерші», – деп жазды журналист желідегі парақшасында әскерилердің жазған қарсы пікірлерін жариялап. 

Әскерилерге ұнамай қалған Руслан Есмагамбетовтің видеосының мазмұны мынадай:

«Соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер қаза тапқан. Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады. Мәселен, 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болған. Оның ішінде 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85, 2023 жылы 11 әскери адам көз жұмған.
– Өлім жағдайларының ең көп тараған себебінің бірі ауырып қайтыс болу – 36%, жол-көлік оқиғалары салдарынан көз жұматындар – 24% және өз-өзіне қол жұмсау бойынша 20% құрап отыр. Соның ішінде суицид жағдайы бүгінгі күні бәрімізді алаңдатады, – дейді әскери прокурордың орынбасарары. Әскердегі әлімжеттікті түп тамырымен жоймасақ, әлімжеттік жас балаларды тамырымен жою мүмкін…»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: