Жексенбі, 08 желтоқсан, 12:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Депутат сапары Қармақшыда жалғасты

11.03.2022

414 0

Көктем шықса егін егу науқаны басталады. Зейнеті мен бейнеті қатар жүретін егін кәсібі көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Биылғы аудан шаруаларының көктемгі егін науқанына дайындық жұмысымен танысу мақсатында бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Ақмарал Әлназарова және облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов жұмыс сапарымен Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округінде болып, аудан көлеміндегі шаруашылық басшыларымен кездесті. Кездесуде «Жаңажол» ЖШС-нің директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты О. Төлепов ауылшаруашылығындағы бірқатар мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ, ауданның көктемгі егінге дайындық жұмыстары, субсидиялау мәселесі мен тыңайтқыш бағасының өсуі және су мәселелері талқыланды. Атап айтар болсақ, 2021 жылы аудан бойынша жалпы көлемі 24747 гектар егін орналастырылып, егіс алаңдарын диверсификациялау бойынша күріш көлемі  13156 гектар, майлы дақылдар 1085 гектар, жаздық бидай 1081 гектар, арпа 150 гектар,  жүгері 80 гектар, күнбағыс 10 гектар, мал азықтық дақылдар 7670 гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1521 гектар  алаңға орналастырылған.


Өткен жылы су тапшылығына байланысты күріш егісінің көлемі былтырғы көлемнен 500 гектарға қысқарып, есесіне әртараптандыру дақылдарының көлемі 1677 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемі 298 гектарға, мал азықтық дақылдарының көлемі 1006 гектарға артық.


Өз кезегінде ағымдағы жылға барлығы 26 824 га егіс орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, күріш – 14 000 га, мақсары – 1100 га, жаздық бидай – 1100 га, арпа – 200 га, жүгері – 100 га, күнбағыс – 12 га, картоп – 483 га, көкөніс – 448 га, бақша – 600 га, соя – 50 га, мал азықтық дақылдар – 8731 га орналастыру жоспарлануда.


Қазіргі таңда көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Одан соң, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен облыстық мәслихат хатшысы Жосалы кентіндегі 1986 жылы салынған аудандық орталық ауруханаға барып, аурухана қызметкерлерімен, ардагерлермен, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Аталмыш ауруханада жылына 6200 адам ем алады. Бүгінгі таңда ғимараттың тозығы жетіп, 10 жыл көлемінде ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен науқастардың талапқа сай ем алуына жағдай жасалмай отыр. Сол себепті шұғыл түрде заман талабына сай жаңа аурухана құрылысын салу не болмаса аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындауда. Сондай-ақ, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және жылыту қазандығын газға ауыстыру үшін облыстық немесе республикалық бюджеттен қаржы бөліну қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: