Дүйсенбі, 02 қыркүйек, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69-2079
30.08.2024
PDF мұрағаты

Камчаткада тікұшақ апатынан 22 адам қаза тапты

02.09.2024

87 0

Фото: newizv.ru

Ресейдің Камчатка аймағында тікұшақ апатынан барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңірде қаралы күн жарияланды.

«Тікұшақтың қирау сипатына қарағанда, бортта аман қалғандар жоқ», – делінген БАҚ хабарламасында. 

Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов 3 қыркүйекті аза тұту күні деп жариялады.

Оның айтуынша, ұшақта 22 адам болған. Олар Мәскеу, Камчатка және Пермь өлкелерінің, Липецк және Амур облыстарының, Удмуртия мен Бурятияның тұрғындары.

«Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың барлығы қаза тапты», – деді аймақ басшысы.

Камчаткада 31 тамызда жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағының қалдықтары табылды. Тікұшақтың сынықтары экипаж соңғы рет байланысқан жерден анықталған. Кейін құтқарушылар оқиға орнынан 18 адамның мәйітін тапты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: