Сейсенбі, 28 мамыр, 05:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сайлауға дайындық қалай?

11.11.2022

443 0

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілді. Сайлау бюллетеньдері 17-19 қараша аралығында барлық сайлау учаскелеріне жеткізілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов мәлімдеді.


Мұнан өзге, ҚР Президенті сайлауын облыс бойынша 382 сайлау комиссиясы ұйымдастыратын болады. Атап айтқанда, біреуі облыстық, біреуі қалалық, 7 аудандық және 373 учаскелік сайлау комиссиясы. Ал сайлау комиссиялары мүшелерінің жалпы саны 2710 адамды құрайды.

Бұған қоса, дауыс беру күні, яғни 20 қарашада түрлі себептермен өзінің тұрғылықты тіркелген жерінен тыс аймақта болатын сайлаушылардың өз өтініштері негізінде есептен шығару куәліктері беріле бастады. Бүгінде облыс бойынша 142 адам есептен шығару куәліктерін алды. Есептен шығару куәліктері сайлаушыларға 19 қараша жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін берілетін болады.Сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органның мәліметіне сәйкес, облыс бойынша мүгедектігі бар сайлаушылар саны 20071 адамды құрайды. Олардың 1111-і кресло-арбамен қозғалатын, 324-і есту қабілеті бұзылған, 907-і көру қабілеті бұзылған сайлаушылар. Осыған байланысты облыс бойынша барлық учаскелерде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету шаралары қарқынды жүзеге асырылуда. Барлық сайлау учаскелері бекітілген нұсқаулыққа сәйкес, мүгедектігі бар сайлаушылар үшін арнайы бұрыштар жабдықталған,-деді Болат Нұржігітұлы.
Сонымен қатар, барлық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары арнайы әзірленген әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: