Сенбі, 07 қыркүйек, 04:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71 (2081)
07.09.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада облыстық семинар өтті

06.09.2024

193 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті. Оған барлық аудандар мен қалаға қарасты емдеу мекемелердің дәрігерлері мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық онкология орталығының онко-гинекологы Индира Бақтыбаева адам папилома вирусының аймақтағы эпидемиологиясы туралы айтты. «Бүгінгі таңда облыс бойынша 5778 адам қатерлі ісіпен ауырады, оның ішінде 499 әйел жатыр мойны обырымен диспансерлік есепке алынған. 2024 жылдың 8 айында 14 әйел жатыр мойны қатерлі ісігі салдарынан көз жұмған», – деді онколог дәрігер өз баяндамасында.

Семинар барысында адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілу себебі, маңыздылығы мен қауіпсіздігі және аурудың алдын алудағы тиімділігі, әлемдік тәжірибе тақырыбында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова ақпарат беріп өтті: «Бүгінгі күні 125 ел қыздарға арналған ұлттық вакцинациябағдарламаларына АПВ вакцинасын енгізді, ал 47 ел ұлдарға да қатыстывакцинациялауды жүргізуде. Көптеген елдер вакцина салдыруды 10 жылданастам уақыт бойы жүргізіп келеді. Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШEОA) аймағына келетін болсақ, АПВ вакцинациясын жасөспірімдерге/ересектерге арналған иммундау күнтізбелеріне Армения, Грузия, Солтүстік Македония, Молдова, Түрікменстан және Өзбекстан енгізген», – деді эпидемиолог.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Идрисова Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген жаңа вакцинаны сәтті жүзеге асыру үшін тиісті түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталып өтті. Бұл ретте медицина мамандарымен бірге педагогтардың да осы вирустың қауіптілігі, екпенің тиімділігі турасындағы білімдерін арттыру аса өзекті екенін айтты. 

2024 жылдың қазан айына жоспарланған 11 жастағы қыздарды АПВ қарсы вакцинациялау науқанына дайындық шаралары жүйелі жүргізілуде. Республикалық деңгейде бастау алған оқыту семинарлары аумақтық деңгейде жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: