Жұма, 11 қазан, 03:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Мопед жүргізушісі жолда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен

06.09.2024

619 0

Сурет: almaty.tv

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жол-көлік оқиғасы 28 тамыз күні таңғы сағат 07.15-те Алматының Әуезов ауданында болған. Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатқан мопед жүргізушісі белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың арқасында қашып кеткен 23 жастағы азамат анықталды. Қазіргі уақытта жаяу жүргінші ауруханада жатыр, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнебақылау жүйелерінің ресурстары барынша пайдаланылғанын айта кеткен жөн», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: