Дүйсенбі, 09 қыркүйек, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71 (2081)
07.09.2024
PDF мұрағаты

Бала тілін тапқан ақын

09.09.2024

112 0

Балалардың білімін шыңдап, қаламның ұшымен әрбір қазақ баласының қиялына қанат бітіріп, асыл арманы мен мақсатына жарқын жол көрсетушінің бірі, балалар әдебиетінің сара жолын салып, балалар психологиясын жете меңгерген, тілі жеңіл, айтары мол, ойнатып отырып, ойлантатын жыр жазатын жергілікті балалар ақыны Рахат Наурызбайқызы биыл – 80 жаста.

«Сыр жұлдызы» балабақшасының «Балбөбек» ересек тобының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында балалар жазушысы Рахат Наурызбайқызы шығармашылығын насихаттау мақсатында ақынмен кездесу кеші өтті. Кешке ақынмен бірге қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Сражадинова Қарлығаш Махамбетжанқызы, балабақша  ардагерлері мен ата-аналар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шарада алдымен «балаларға біз қай мемлекетте тұрамыз, ұлтымыз, тіліміз қандай» деген танымдық сұрақтар қойылды.  Балалар туған жер, Қазақстан, қазақ тілі туралы өз білгендерін жарыса жеткізді.

Кеш қонағы Рахат Наурызбайқызының  түрлі  тақырыпта балаларға арналған  жырлары бар. Отбасына, балалар ойыншықтарына, туған жерге арналған жыр шумақтарын балалар жатқа оқыды.  Тәрбиешілердің баланы жыр оқуға баулып жатқаны олардың талабынан байқалып тұрды. Ақын апайымыз сөз алып, бүлдіршіндерге жүрекжарды тілегін жеткізді. Туған тілін, Отанын, туған жерін сыйлауға, құрметтеуге шақырды.

Ақынның100-ден аса өлеңіне жазылған ән бар. Кеште «Татулықта күшіміз!», «Әжеммен қаламын», «Сыр елім» әндері балалар мен тәрбиешілердің орындауында шырқалды.

Тәрбиешілер Лаура Ишанбекқызы, Алия Мұратбекқызы, Қарақат Нұрсұлтанқызы да ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, бүлдіршіндерге үлгі көрсетті. Одан кейін әуеннің ырғағымен балалар ақын кітаптарын ұстап ортаға шықты. Кітаптар шеруі өтіп,ақынның шығармалары таныстырылып,насихатталды.

Кеш соңында балабақша меңгерушісі Гүлден Жантасқызы сөз сөйлеп, мән мен мағынаға толы, әсерлі кешке қатысушылар мен қонақтарға алғысын айтты. Рахат Наурызбайқызының шығармашылығын алдағы уақытта да балабақша ұжымы насихаттай беретінін жеткізді.

Алия МАХАНОВА,

«Сыр жұлдызы» балабақшасының тәрбиешісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: