Бейсенбі, 12 қыркүйек, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72 (2082)
10.09.2024
PDF мұрағаты

Қай сала болсын тәуелсіз болғанымыз маңызды

12.09.2024

109 0

Бүгін аймақтық және қалалық Халықтық штаб өкілдері Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді түсіндірді.

Ел Президенті халыққа Жолдауында маңызды 9 мәселені атап өтіп, нақты тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде ең өзекті мәселенің бірі – жасыл энергия көзіне көшу.

Кездесуде аймақтық Халықтық штаб мүшесі Нұридин Амитов еліміздің қай сала болмасын өзгелерге тәуілсіз болғаны ас амыңызды екенін тілге тиек етті.

«Бүгінде еліміздегі электр тапшылығы салдарынан көрші мемлекеттерден электр қуатын сатып алып отырмыз. Сондықтан, қай салада болсын тәуелсіз болғанымыз барлығымызға тиімді. Жаһанның озық елдері бүгінде атом энергиясын кеңінен пайдаланып отыр. Ғалымдар атом станцияларының соңғы «3+» нұсқасын ойлап тапты. Бұл нұсқа экологиялық таза, қауіпсіз болып саналады»,-деді ол.

Ал штаб мүшесі Аида Абибуллаева: «Жарық өшсе көпшілігіміз алаңдап қаламыз. Қазірде тұрмыста қолданылатын заттардың барлығы электр қуатымен жұмыс жасайды. Сондықтан, электр қуатын экологиялық таза, жасыл энергия жолымен өндірсек өз қажеттіліктерімізді өтейміз»,-деді.

Расында, жаһан мемлекеттері үшін маңызды мәселеге айналған электр тапшылығы біздің елде де сезілуде. Бүгінде жылу, көмір станцияларынан келетін улы газдардың үлесі 80 пайыздан асады. Бұл қоршаған ортаның экологиялық ахуалын үдетуде. Осы орайда өзімізде бар шикізатты пайдаланып, озық технология көмегімен энергия өндіру құптарлық жағдай»,- деді өз кезегінде сөз алған қалалық штаб мүшесі Ақманат Төлегенова.

Жиында кент тұрғындары АЭС бойынша өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: