Бейсенбі, 12 қыркүйек, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72 (2082)
10.09.2024
PDF мұрағаты

Мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтаған

12.09.2024

185 0

Сурет: depositphotos.com

Бас мүфтиге қастандық жасалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тәжікстанда мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтады.

Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлағандай, намаз аяқталғаннан кейін Душанбедегі орталық мешіттің жанында Тәжікстанның бас мүфтиі, Үлем (мұсылман діни қызметкерлері) кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға сағат 17:20 шабуыл жасалды.

Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген. Дәрігерлер оған оқиға орнында қажетті көмек көрсетті, содан кейін ол үйіне жеткізілді. Қылмыскерді ішкі істер органдарының қызметкерлері ізін суытпай, бірден ұстады.

Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: