Жұма, 18 қазан, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жазасын өтеушілер мұражайға экскурсия жасады

18.10.2024

76 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінің тәрбие бөлімі мекемедегі сотталған азаматтарды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға алып барды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың мәдени және рухани дүниетанымын кеңейту.

Мұражай қызметкері сотталғандарға Қызылорда облысының бай тарихи мұраларымен таныстырып, өлкеміздің тарихи кезеңдері, ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі маңызды оқиғалар туралы қызықты мағлұматтар берді. Экскурсия барысында сотталғандар археологиялық және этнографиялық жәдігерлерді, өңірдің табиғи байлықтарын, мәдени мұрасын және ұлттық құндылықтарын тамашалап, олардың мәні мен маңызын тереңірек түсінді.

Бұл шара сотталған азаматтарға өздерінің өткеніне жаңаша көзқараспен қарауға, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді. Тәрбие бөлімінің қызметкерлері мұндай экскурсиялардың сотталғандардың түзелу жолына түсуіне маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Тарихи-өлкетану мұражайына бару сотталғандардың дүниетанымын кеңейтуге, олардың қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді. Әрбір азамат өзінің ата-бабаларының тарихын білу қажет. Мұндай шаралар олардың дұрыс жолға түсуіне мүмкіндік береді, – деді №37 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.

Шара соңында сотталғандар өздерінің алған әсерімен бөлісіп, мұражай ұжымына алғыс білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: