Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Қақпа алдындағы кездесу»

18.10.2024

571 0

Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемесінде қақпа алдындағы кездесу шарасы ұйымдастырылды . Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде ұрлық қылмысы үшін сотталған азамат өз мерзімін толық өтеп, бостандыққа шықты. Осы сотталғанға мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлерімен “Қақпа алдындағы кездесу” жобасы ұйымдастырылды. Бұл маңызды кездесуде сотталғанның қоғамға қайта бейімделуі және бостандықтағы өмірге оралуы үшін бірқатар сала маманы қатысып, қажетті кеңестер берді. ️Кездесуге Қызылорда қаласының пробация қызметінің инспекторы Иманғали Жасұлан, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының маманы Зарина Бисекова және Мансап орталығының маманы Әбілда Дамир, мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында сала мамандары сотталған азаматқа бостандықтағы құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірді. ️Пробация қызметінің инспекторы Жасұлан Иманғалиев сотталғанның бостандыққа шыққаннан кейінгі өміріне қатысты заңды құқықтарын түсіндірсе, Әлеуметтік бейімдеу орталығының маманы Бисекова Зарина сотталған азаматқа қажетті әлеуметтік қолдау көрсетілетінін, оның ішінде жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікпен айналысу, құқықтық көмек алу жолдары қарастырылғанын айтты. Мансап орталығының маманы Әбілда Дамир жұмыспен қамту мүмкіндіктері мен кәсіптік бағытта оқыту бағдарламалары туралы кеңес берді. Бостандыққа шыққан сотталғанды №37 мекеме алдында туыстары қуана қарсы алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: