Бейсенбі, 31 қазан, 21:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Интернет алаяқтардан сақ болыңыздар

24.10.2024

357 0

Бүгінгі күні киберқылмыс бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жыл басынан бері интернет-алаяқтық қылмысының 199 дерегі тіркелгенін айтты.

– Қазіргі уақытта интернет пен цифрлы технологиялардың үздіксіз дамуына байланысты интернет-алаяқтық қылмыстары қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып отыр және оның түрлері де күн сайын кең таралып келеді. Облыс көлемінде жыл басынан бері жедел іздестіру шаралары барысында 74 қылмыстық істің күдікті тұлғалары анықталып, сотқа жолданды. «IT-TERGEU» интернет-алаяқтықты ашу бойынша облыс орталығында «CyberPol» жедел тергеу тобы құрылған. Прокуратураның бастамасымен «IT TERGEU» жобасы барысында интернет-алаяқтық қылмыстарын ашуға септігін тигізетін 4 аппараттық-бағдарламалар алынды. Оның көмегімен жәбірленушілерге келтірілген 200 млн теңгеден астам залал бойынша 81 қылмыс дерегі ашылды. 57 хабар-ошарсыз жоғалғандар анықталып, 53 қылмыскер құрықталды, – деді Серік Тоқтыбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: