Сәрсенбі, 13 қараша, 13:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қызметті алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол бермеу департаменттің бақылауында

31.10.2024

271 0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Департаментпен жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижесінде 582 бұзушылық анықталған болатын. Оның ішінде 62 факт артық құжаттарды талап ету бойынша орын алған.

Соның бірі Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін Қағида талаптарына сәйкес қажетті құжаттар тізімінде ҚР азаматының жеке куәлігін ұсыну көзделмесе де, қызметті алушылардан жеке куәлікті сұратудың 
20 дерегі анықталған.

Бұған қоса, «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету барысында қызметті алушылардан ҚР азаматының жеке куәлігін сұрату арқылы  42 бұзушылық фактісі орын алып, Қағида талаптары бұзылған.

Мемлекеттік қызметті берушілер тарапынан жиі орын алатын осы тектес бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Департаментпен қызметті берушілерге жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан түсіндірме іс-шараларының, түрлі онлайн және оффлайн семинарлардың, дөңгелек үстелдер мен интернет-конференциялардың, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа жарияланған мақалалар арқылы бұзушылықтардың саны азайып келеді.

Яғни, ағымдағы жылдың 2-тоқсанынан бастап қызметті беруші мемлекеттік органдар тарапынан қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету бойынша бірде-бір бұзушылық орын алған емес.

Осы ретте, Департаментпен жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс1. Байланыс нөмері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: