Сейсенбі, 30 сәуiр, 18:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

28.04.2021

1882 0

Сәрсенбіде қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың қатысуымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында сөз алған шаһар басшысы сәттілік тілеп, Қоғамдық кеңестің маңызына тоқталды:

– Бүгінде мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етіп, ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізіп, жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етеуге атсалысып келесіздер. Сондықтан сіздердің Қызылорданың одан әрі өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосатындарыңызға сенімдімін, әрі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. – Ғанибек Қонысбекұлы.

Басқосуда қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жағдайы талқыланып, мәселеге қатысты бірқатар сауал көтерілді. Кеңес мүшелері тұрғындар көкейіндегі ұсыныс-пікірін жеткізіп, шешу жолын ұсынды. Отырыста көтерілген сан-сауалға «Қызылорда су жүйесі» МКК директоры Марат  Жамиев жауап беріп, өз пікірін білдірді.

Сондай-ақ, жиын соңында алдағы уақытта айтылған сын-пікірлер мекеме тарапынан ескеріліп, пайдаланылған ауыз су үшін уақытылы төлем жүйесін ретке келтіру, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу керектігі айтылды. Қоғамдық кеңес мүшелері берілген тапсырмалардың орындалуы кезекті отырыстарда кеңес мүшелерімен қайта қаралатындығын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: