Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жоба нәтижесін беруде

11.03.2022

1069 0

Азаматтық істер бойынша соттан тыс және сотқа дейінгі істерді жетілдіру мақсатында былтыр ҚР Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, «сотқа дейінгі хаттама» пилоттық жобасы өз жұмысын бастады. Жаңа өзгеріске сәйкес, талап қоюды қабылдау он бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда қалалық сот судьясы Лаура Әлібекова хабарлады.

«Жобаның негізгі мақсаты – тараптарды сотқа дейін татуласуға, дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша уақыт беруге арналған. Татуластырушы судья талап түскен күннен кейін келесі күні сотқа дейінгі хаттама жасау құқығы түсіндіріле отырып, татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жіберіледі. Сот тараптардың ұсынған келісімін жіті тексеріп, ұйғарым арқылы шешімді бекітеді», – деді қалалық сот судьясы Лаура Әлібекова.

Былтыр Қызылорда қалалық сотына 10 297 азаматтық іс пен талап арыз түскен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 657-ге көп. Негізгі қаралған істердің санатына еңбек ақы өндіру, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау, жер құқық қатынастарына байланысты даулар жатады.

Өткен жылы неке және отбасы қатынастарына байланысты 1 824 іс қозғалды. Оның 52-сі медиация тәртібімен қаралды. Бүгінде материалдық жағдайдың болмауы, маскүнемдік сынды мәселелермен ажырасуға арызданушылар көбейген. Сондай-ақ, 35 жастан төменгі жастар арасында ажырасу дерегі өте көп тіркелуде. Бүгінде татуласу рәсімдерімен аяқталған істердің сандарын көбейтуге бағытталған іс шаралар қолға алынды, – деді қалалық сот судьясы Забира Абылайқызы.

-ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 138 – бабында көрсетілгендей ата-ана камелетке толмаған балаларды бағуға міндеттеледі. Егер алимент туралы келісім болмаған жағдайда сот ай сайын бала санына сәйкес алимент өндіреді. Бұл сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайды ескере отырып мөлшерін белгілейді, – деді қалалық сот судьясы Нұргүл Жаңабергенқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: