Басымыздан кетпес үшін бақ тайып,
Жатпау үшін жұмыр жерде шет қалып,
Дүниеге шуақ шашу үшін біз,
Табиғатты аялайық, сақтайық!
Бұл жалғанда әр қияда жүр мейлің,
Тіршілікті деме бірақ тілдейін.
Өз болмысын сақтап қалған адамдар,
Таза, тұнық, табиғатпен бір деймін.
«Өмір көрген әрбір жанның бағы бар»,
Осы ойды танымыңа тағып ал!
Табиғаттың төрт мезгілі секілді,
Адамның да төрт тағдырлы шағы бар.
Дүниеге көктем болып келесің.
Жастық шақта жаз дидарын көресің.
Күз дегенің ағалық шақ арайлы.
Ал қыс келсе, қарттығыңа көнесің…
Осылайша түстің сен де жолға мың,
Сондықтан да жаппар ием қолдасын!
Төрт мезгілің тұнық болып сенің де,
«Адам» деген табиғатың солмасын!
Ақбота БАЙҚАСЫМОВА,
№140 қазақ орта мектеп оқушысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!