Джефф Безос енді ядролық технологияларға басымдық беріп отыр. Интернет-алып Amazon компаниясы өзінің алғашқы атом электр станциясының жобасын таныстырды. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі BILD_Russian арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания өз серверлері мен жасанды интеллект жүйелерін энергиямен дербес қамтамасыз етуді қарастырады. Вашингтон штатында Cascade Advanced Energy Facility деп аталатын жаңа атом станциясы салынады. Бастапқы кезеңде ол төрт шағын Xe-100 типті реактордан тұрады. Жалпы алғанда, компания кіші модульдік реакторлардың (SMR – Small Modular Reactors) он екісіне дейін орнатуды жоспарлап отыр.
Мини-реакторларды америкалық X-energy компаниясы жасайды. Amazon бұл компанияға 2024 жылдың қазан айында шамамен 500 миллион доллар (2 692 600 000 теңге) инвестиция салған еді. Жобаға басқа да инвесторлар қатысады.
Алғашқы кезеңде реакторлар 320 мегаватт электр энергиясын өндіреді, ал барлық кезең аяқталған соң қуаттылығы 960 мегаваттқа дейін жетеді. Бұл шамамен 3,8 миллион үй шаруашылығын қамтамасыз етуге жеткілікті көлем.
Дегенмен Amazon бұл энергияны ең алдымен өз қажеттіліктері үшін серверлерді, жасанды интеллект жүйелерін және цифрлық құралдарын жұмыс істетуге пайдаланбақ. Сонымен қатар компания көмірқышқыл газының (CO₂) шығарындыларын азайтуды да мақсат етеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!