Жексенбі, 23 ақпан, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Америка ғалымдары Трамптан неге қауіптенеді

15.02.2025

19 0

Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың 47-ші президентінің бірқатар жарлықтарының «дүдамалдығы» себепті  ғылыми зерттеулерге гранттық бағдарламалармен  қолдау көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы британиялық «Nature» ғылыми журналы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп ғылыми зерттеу жұмыстарына  федералды гранттар мен несиелерді бөлуді тоқтата тұру туралы бірсыпыра  бұйрық шығарғаннан кейін америкалық ғылыми қауымдастық тұйыққа тірелді. 

Вашингтондағы федералды сот президент жарлығының орындалуына уақытша тосқауыл қойғанымен, көптеген университеттер өз қызметкерлеріне ғылыми зерттеулерге, оның жабдықтарына кететін шығындарды тоқтата тұруды ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президентінің әкімшілігі ғылыми зерттеулерге  федералды көмек бағдарламаларын уақытша тоқтату керек деген меморандумды жариялаған болатын.

Алайда нақты қандай саладағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тоқтатылғаны түсіндірілген жоқ. Ғалымдардың жұмысын кідіртіп, басын қатырған сауал – осы.

Сарапшылар үкімет жарлығы қарастырылып жатқанда, олардың бұл шешімі ғылыми ортада үлкен дүмпу туғызатынын ескерткен еді.

Бұл ретте заңгерлер ғылымды қаржыландыруды уақытша болсын тоқтату президент өкілетінің шеңберінен тыс әрекет екенін айтады. Олар Трамптың бұл шарасын анық шектен шығу деп бағалап, қаражаттың жұмсалуын бақылау жұмысы Конгреске тиесілі екенін алға тартып отыр.

Әзірге АҚШ билігі ғылымды қаржыландыру не себептен тоқтап тұрғанын ресми мәлімдеген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: