Жұма, 10 қазан, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Душанбеде 2030 жылға дейін электросамокаттар мен электроскутерлер қозғалысына тыйым салынды

10.10.2025

161 0

Фото: globallookpress.com

Душанбеде 2030 жылға дейін электросамокаттар мен электроскутерлер қозғалысына тыйым салынды. Тек мемлекеттік тәртіппен тіркелген көлік құралдарына ғана бұл шектеу қолданылмайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Душанбе қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, тиісті қаулы қаланың халық депутаттары жиналысында қабылданған.

«Электросамокаттардың, электроскутерлердің және басқа да жеке көлік құралдарының автомобиль жолдарымен және жаяу жүргіншілер аймақтарымен қозғалысы 2030 жылға дейін уақытша тоқтатылады, тек арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат етіледі», -делінген құжатта.

Полицияның түсіндіруінше, мұндай шешім қалада тәртіп орнату және осы көлік түрлерімен байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында қабылданған.

Шектеу бұндай көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану үшін қажетті инфрақұрылым толық құрылғанға дейін сақталады.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар  бұл екі дөңгелекті көліктің қозғалысына толықтай тыйым салуды талап етіп, жаңа петиция жариялаған. Бұған дейін Қазақстанда самокаттардың тротуарда жүруіне тыйым салуды талап ететін петиция жарияланған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: