Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді TikTok желісіне бір жылға шектеу қоймақ

23.12.2024

93 0

Фото: pexels.com

 TikTok әлеуметтік желісіне бір жылға шектеу қойыламақ. Бұл туралы Албания премьер-министрі мәлімдеді. Айтуынша бұл оқушылардың білімге назар салып, дамуына көмектеседі, – деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.  

21 желтоқсанда Тиранда албандық мұғалімдермен, ата-аналармен және психологтармен кездесуде премьер-министр Эди Рама TikTok-ты «ауладағы бұзақыларға» теңеді. Сол себептен шектеу шарасы 2025 жылдың басынан бастап күшінде болатынын мәлімдеді.

«Біз оны бір жылға жауып, оқушылардың біліміне қызмет ететін және ата-аналарға балаларының дамуын бақылауға көмектесетін бағдарламаларды енгіземіз», – деді ол. 

Сондай-ақ, Албанияның Білім министрі барлық мемлекеттік мектептерде «Ақылды қала» жобасы аясында зияткерлік камералар орнатылатынын жеткізді. Бұл өз кезегінде оқу орнының ішінде тиімді мониторингті қамтамасыз етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: