Илон Маск жаңа жасанды интеллектті таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
xAI компаниясының негізін қалаушы миллиардер Илон Маск Grok жасанды интеллект тіл үлгісін көрсеткен еді. Ол жақында Grok3 іске қосылғанын жариялады.
«Grok3-тің тікелей көрсетілімі дүйсенбі Тынық мұхиты уақытымен 20:00-де өтеді», – делінген хабарламада.
Астана уақыты шамамен сағат 9:00-де болады.
Маск бұған дейін өте ақылды жасанды интеллект шығатынын айтқан еді. Дубайдағы Дүниежүзілік үкімет саммитінде Маск Grok 3-тің логикалық ойлау қабілеті бар екенін және барлық аналогтан асып түсетінін атап өтті.
Маск Grok 3 «біз білетін кез келген ЖИ-дан» жақсырақ жұмыс істейді деп мәлімдейді. Grok 3 үлкен көлемдегі деректерге үйретілгені атап өтілді. Ол осы деректерді қайта-қайта бастан өткеріп, логикалық жүйелілікке жетуге тырысады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!