Жұма, 06 наурыз, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Иранның «шаруасын реттеген соң» Трамп Кубаға көз салмақ

06.03.2026

40 0

фото: Shutterstock

Иранмен «шаруаны реттеген соң» Трамп Кубаның мәселесіне кіріспекші. Бұл Вашингтон үшін «уақыт еншісіндегі іс». Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді деп жазады Clash Report, – деп хабарлайды  kursiv.media

Дегенмен Ақ үй басшысының сөзінше, Куба АҚШ-пен мәмілеге келуге ниетті. Бұған дейін Трамп әкімшілігі елге баратын мұнай тасымалына тоқтау қойған еді.

«Куба да құлайды. Біз мұнай, ақша тасымалын тоқтаттық. Елдің жалғыз ресурсы болған Венесуэладан баратын барлық тасымалға кедергі болдық», – деген еді Трамп бұған дейінгі сөзінің бірінде.

Қазір АҚШ, Израиль және Иран арасындағы әуе шабуылдары әлі де жалғасып жатыр. Соғыстың аумағы да күн өткен сайын ұлғайып келеді. Бесінші наурызда Иран жақтан келген дрондар Әзербайжан аумағына құлады.

Баку Тегеранды айыптағанмен, Иран дрондарға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет сөзінше, қақтығыс Түркиядан Шри-Ланкаға дейінгі аймақты қамтуы мүмкін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: