Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы Пусан қаласындағы халықаралық әуежайда жолаушылар ұшағы өртенді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өрт Air Busan әуе компаниясына тиесілі лайнердің құйрық бөлігінде ұшу алдында шыққан.
Қазіргі уақытта барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларда ұшақтың толығымен өртке оранғаны, қою түтін көтеріліп жатқаны көрінеді. Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.
Желтоқсан айының соңында Оңтүстік Кореяда Бангкоктан қайтып келе жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Лайнер бортында 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған.
Апат алдында диспетчерлер ұшақ экипажына құстармен соқтығысу қаупі туралы ескерту жіберген, содан кейін пилот дабыл сигналы берген. Ұшақ қонуға тырысып, шассисіз жерге қонды. Лайнер бетон қабырғаға соғылып, жарылып, өртке оранды.
Тек екі адам ғана аман қалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!