Сенбі, 02 тамыз, 06:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Несие беру қатаңдатылады

01.08.2025

116 0

Фото: freepik

Ресейде несие беру қатаңдатылады. Себебі тұрғындардың банктердің алдындағы берешегі 1.5 трлн рубльден асып кеткен. Бұл 2019 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткеш дейді мамандар. 2025 жылдың басынан бері тұтынушылық несиенің пайыздың мөлшерлемелері 30-35%-ға жетті. Сондықтан азаматтардың төлем қабілеті төмендеп, экономикалық жағдайы нашарлады, деп жазады qazaqstan.tv.

Азық-түліктің өзі 300 пайызға дейін қымбаттаған.

Енді банктер несие беру үшін төлем қабілетін растайтын құжат болуы тиіс. Микроқаржы ұйымдары да басында екі несиесі бар тұрғынға ақша аудармайды. Жалпы мамандар жыл соңына дейін банкке берешегі барлардың саны тағы өседі дейді.

«Соңғы үш жылда елдегі әлеуметтің әлеуеті төмендеп кеткенін көріп отырмыз. Себебі инфляция шарықтады, ал айлық бәрінде бірдей өскен жоқ. Тіпті тұрғындар тамақты несиеге алуға мәжбүр.»Юлия Куликова, сарапшы

Келер айда инфляция он пайыздан асады деп болжануда. Яғни елде тағы қымбатшылық белең алады деген сөз. Экономистер доллар қымбаттағандықтан, Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені көтереді дейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: