Дүйсенбі, 31 наурыз, 13:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты

28.03.2025

156 0

Фото: Otyrar.kz

Оңтүстік Кореяда, Сохэан автомагистралінде Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Korea JoongAng Daily басылымы мәлімдеді.

Апат Кёнгидо провинциясындағы Хвасон ауданы маңында, түнгі сағат 00:30 шамасында орын алған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes-Benz көлігі жол бойындағы қоршауға соғылып, соққыдан кейін бірнеше метрге ұшып кеткен. Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 30 минуттың ішінде ауыздықтағанымен, көлікте болған төрт жолаушының барлығы көз жұмды.

Қазіргі уақытта жергілікті полиция апаттың нақты себептерін анықтап, қаза тапқандардың тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Otyrar.kz қайтыс болған азаматтардың денесін Қазақстанға жеткізу үшін Шымкентте қайырымдылық науқаны ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. Қажетті қаражат көлемі — 36 миллион теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: