Түркияның Алания қаласында жаңадан салынып жатқан қонақ үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызыл жалын 12 қабатты ғимаратты толық шарпыған. Өрттен 4 адам құтқарылған, олардың үшеуі түтіннен зардап шеккен. Қазіргі таңда олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған.
Жергіліктің биліктің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өртті екі сағаттың ішінде толықтай оқшаулаған.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақ үйде ірі өрт болып, 79 адам қаза тапты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!