Президент Дональд Трамп Foxbusiness арнасына берген сұхбатында Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиге ядролық келісім бойынша хат жолдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.ABC News басылымына сілтеме жасап.
Ал Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі Трамптан хат алмағанын мәлімдеді.
Мәселені шешудің екі ғана жолы бар: Әскери немесе келісім жасасу. Мен келісім жасасқанды жөн көрер едім. Уақыт жақындап қалды. Қалай болғанда да бірдеңе болады. Мен оларға хат жаздым, «сіз келіссөз жүргізесіз деп үміттенемін» дедім, өйткені егер біз өзара әскери әрекетке баратын болсақ, «бұл олар үшін жаман болады» деп жаздым, – деді Дональд Трамп.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!