Сәрсенбі, 04 желтоқсан, 12:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Стадиондағы төбелес салдарынан 100 аса адам қаза тапқан

03.12.2024

180 0

Сурет: stan.kz

Футбол стадионында төбелес болып, 100-ден аса адам қаза тапты. Оқиға Гвинеяда орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гвинея премьер-министрі Амаду Оури Баның айуынша, оқиға жексенбі күні Нзерекор қаласында жергілікті футбол турнирінің финалы кезінде болған. Төрешінің даулы шешіміне байланысты жанкүйерлер арасында қақтығыс басталған, төбелесті тоқтату үшін қауіпсіздік қызметкерлері көзден жас ағызатын газ қолданғанда адамдар құлап, бір-бірін басып қалған.

Гвинея үкіметінің хабарлауынша, кем дегенде 100 адам қаза тапқан. Көз жұмғандар арасында балалар да бар. Жергілікті оппозиция оқиғаны тергеуге шақырды. Олар бұл турнирдің әскери көшбасшы, Гвинея президенті Мамади Думбуяның «заңсыз және орынсыз» саяси амбицияларын қолдау үшін ұйымдастырылды деп есептейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: