Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тікұшақ аурухана ғимаратына соғып, апатқа ұшырады

22.12.2024

74 0

Сурет:TRT.Haber

Медициналық тікұшақ жергілікті аурухананың ғимаратына соғылып, апатқа ұшырады. Оқиға Түркияның Мугла қаласында орын алған. Бұл TRT Haber  хабарлайды.

«Тікұшақ Мугла қаласындағы Сыткы Кочман атындағы ғылыми-зерттеу госпиталінің ғимаратына соғылған. Кейінірек тікұшақ аурухананың ауласында құлап түскен. Төтенше жағдайлар қызметі апат орнында жұмыс істеп жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Тікұшақ Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі болғаны анықталды. Апат салдарынан екі ұшқыш, бір дәрігер және медициналық қызметкер қаза тапты.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнын тексеруді жалғастырып, апаттың барлық мән-жайын зерттейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: