Сейсенбі, 14 қазан, 12:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Трамп 17 қазанда Зеленскиймен кездесетінін растады

14.10.2025

128 0

Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қабылдауға ниетті екенін растады. Бұл туралы ол Шарм-эш-Шейхтен Вашингтонға барар жолда журналистермен әңгіме барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Алайда ол Украинаға америкалық Tomahawk зымырандарын жеткізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бермей, бұл мәселені түсіндіруге келгенде үнсіз қалды.

Бұған дейін Financial Times газетінің журналисі Кристофер Миллер әлеуметтік желідегі жазбасында 17 қазанда Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің кездесуі жоспарланғанын үш дереккөз растағанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, Миллердің мәліметінше, өткен демалыс күндері Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, Tomahawk зымырандарын Украинаға беру мәселесін талқылаған.

Осы аптада Вашингтонда украин делегациясы америкалық әріптестерімен бірқатар келіссөздер өткізеді деп күтілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: