АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттар Қытаймен сауда соғысы жағдайында екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ
Біз қазір оған (сауда соғысына) қатысып жатырмыз, – деді Трамп Қытай Халық Республикасымен сауда соғысы бола ма деген сұраққа жауап бере отырып.
Президенттің айтуынша, егер екі ел басшылары алдағы кездесуде өзара келісімге келе алмаса, қақтығыс жалғаса беруі мүмкін.
Трамп пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі қазан айының соңында және қараша айының басында Оңтүстік Кореяда өтетін АТЭС саммиті аясында жоспарланған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!