Жұма, 06 наурыз, 11:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Трамп Иранның жаңа басшысын таңдауға кіріседі

06.03.2026

44 0

Фото: Anadolu

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада айтқанындай, Иранның келесі басшысын тағайындауға ықпал ету қажет деп санайтынын айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Трамп өлтірілген рухани көсем Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба лайықты кандидат емес және АҚШ Иранға «бейбітшілік пен келісім» әкелетін адамды қолдауы керек деп санайды.

Трамп Axios агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Иранның болашағына қатысты жоспарларын айтты. Ол Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес сияқты елдің жаңа басшысын таңдауға жеке кірісу қажет деп санайтынын атап өтті.

Трамп Моджтаба Хаменеи ықтимал мұрагер ретінде қарастырылатынын, алайда оның бұл кандидатураны қабылдай алмайтынын ескертті.

Еске салайық, жыл басында Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті ел президентінің міндетін атқаруға міндеттеді. Сот шешімі Дональд Трамптың АҚШ Венесуэланы «басқаруды» жоспарлап отырғанын айтқан мәлімдемелерінен кейін қабылдады.

Наурыздың 1-і күні Ислам Республикасының билігі жоғарғы басшы Әли Хаменеидің өлімін ресми түрде растап, елде 40 күндік ұлттық аза тұту жарияланғанын хабарлады. Бұрынғы жоғары басшы Тегеран орталығындағы резиденциясына жасалған соққыдан кейін қаза тапқан.

Осыдан кейін Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды. 67 жастағы Арафи ықпалды шииттік діни қайраткер ретінде танылып, жақында қайтыс болған Аятолла Әли Хаменеидің сенімді адамы болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: