Дүйсенбі, 24 ақпан, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Зеленский Украина президенттігінен кетуге дайын екендігін мәлімдеді

24.02.2025

53 0

фото: El.kz

Владимир Зеленский Украинадағы бейбітшілік үшін президенттіктен кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол президенттік лауазымын Украинадағы бейбітшілікке немесе елдің НАТО-ға мүше болуына айырбастай алатынын айтты. Бұған қоса Зеленский Украинаның қауіпсіздігі басты мақсат екенін жеткізді.

Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты талаптарынан кейін жасалды.

Естеріңізде болса, Вашингтон Киевтен сирек кездесетін жер ресурстары бойынша келісім жасауды талап етіп, Украинадан 500 миллиард доллар көлемінде төлем сұраған. Трамптың сөзінше, АҚШ Украинаға кемінде 350 миллиард доллар көмек көрсеткен және оның өтелуін талап етіп отыр.

Айта кетейік, бүгін Украина мен Ресей арасында қарулы қақтығыстың басталғанына тура 3 жыл.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: