Жұма, 31 қаңтар, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

2025: Жұлдыздар не дейді?

31.12.2024

400 0

Сурет:aikyn.kz

2025 жыл – жаңа мүмкіндіктерге толы ерекше жыл болмақ. Болжамдарға сүйенсек, көптеген планета өзгерістер әкеледі деп жоспарланған. Жаңа жыл көпшілік үшін өзгерістер кезеңі болады, ал кейбіреулер үшін өмірлерін түбегейлі жаңғырту мүмкіндігі. Жаңа жылда өміріңізде жарқын сәттер көп болсын. Сізді 2025 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр екен, оқыңыз…

Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) 2025 жылы өзін тұлға ретінде әрі өмірдегі жолын өзгертеді. Бұрынғыдан да ақылды байыпты бола түседі. Тоқтылар мансап жолында жетістіктерге жетуі ықтимал. Егер бұған дейін сенімсіздіктен кей жобаларды кейінге қалдырсаңыз, енді сол идеяларды жүзеге асыратын уақыт келді. Жаңа серіктестермен ынтымақтастық орнатып, өз кәсіби деңгейіңізді көтеруіңіз мүмкін. Сонымен қатар жеке өміріңізде күтпеген қуанышты жаңалықтар болуы мүмкін.

Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақтарды ілгері даму мен сынақ жылы күтіп тұр. 2025 жыл тұрақтылық пен молшылық кезеңі. Өміріңіздің материалдық қыры айтарлықтай жақсарады: күтпеген табыс, мүлік сатып алу немесе табысты инвестиция мүмкіндігі пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл жыл денсаулығыңызға көңіл бөлуді талап етеді. Эмоционалдық жағдайыңызға басымдық беріп, күйзеліске берілмеуге тырысыңыз. Оқу мен мансапта жақсы мүмкіндік бар. Энергияңызды спортқа, ал эмоцияңызды шығармашылыққа жұмсаңыз.

Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Егіздер үшін 2025 жыл қарым-қатынасты нығайту мен даму жылы болады. Өзіңізге сенімділік артып, жаңа таныстықтар орнайды. Бірақ жеке өмірде үлкен шешімдер қабылдауға асықпаған дұрыс. Егіздердің назары мансап пен махаббатқа ауады. Қаржы жағынан біршама сынақ болады. Алайда жыл соңында бәрі дұрысталады.

Шаян (21 маусым – 22 шілде) 2025 жыл шаяндар үшін отбасы мен жақындарына ерекше көңіл бөлмек. Сізге жақындарыңыздың қолдауы мен махаббаты маңызды. Үй сатып алу, жөндеу жұмыстары секілді жоспарларыңыз жүзеге асады. Олардың қызметте өсуіне және лауазымды адамдардың қамқорлығында болуына мүмкіндік бар. Отбасылық өмірде аздаған кідіріс орнайды. Десе де жыл ортасында бәрі жақсарады деп болжанған.

Арыстан (23 шілде – 22 тамыз) Арыстандар үшін 2025 жыл көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге керемет мүмкіндік. Сізді көпшілік қолдап, өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді арттырасыз. Бұл жыл мансап пен қаржылық жетістіктер үшін қолайлы. Жұмыс пен бизнесте асықпай шешім қабылдауды талап етеді. Денсаулыққа көңіл бөлуге тура келеді. Табысқа кенелуде төзімділік танытқан жөн. Жыл соңында табыс артады. Бас ауруы, асқазанға қатысты мәселелер орын алуы мүмкін. Денсаулықты күтуді ұмытпаған жөн.

Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек) Бикештер үшін 2025 жыл жеке дамуға және денсаулыққа ерекше көңіл бөлетін жыл. Жаңа әдеттер қалыптастыруға шешім қабылдайсыз. Өз салаңызда біліктілігіңізді арттырасыз. Отбасылық өмірде тепе-теңдікке қол жеткізесіз. Жылдың екінші жартысы махаббатта ерекше оқиғалармен есте қалады. Сондай-ақ бикештер үшін кәсіби және қаржылық мүмкіндіктер жылы болмақ. Кәсіпкерлер күтпеген табысқа жетеді.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан) 2025 жылы қаржы саласында тұрақтылыққа қол жеткізесіз. Таразылар үшін махаббат пен серіктестік негізгі тақырып болады. Жылдың алғашқы жартысы мансаптық өсуге арналса, екінші жартысы шығармашылықты дамытуға қолайлы. Жақындармен ара қатынасты күшейтуге көп көңіл бөлген жөн. Денсаулыққа көңіл бөліп, уақытылы тексертулерден өткен дұрыс.

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша) Сарышаяндар үшін өзгеріске толы жылы. Қаржылық және кәсіби тұрғыдан үлкен жетістіктер болмақ. Сіздің батыл шешімдеріңіз жаңа табыс әкеледі. Бірақ шамадан тыс жұмыс істеп, денсаулығыңызды ұмытпаңыз. Денсаулықты күту үшін уақытылы ұйықтауды әдетке айналдырған жөн. Жеке өмірде де қызықты өзгерістер болады: өміріңізде маңызды рөл атқаратын адаммен кездесуіңіз мүмкін.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан) Мергендер үшін – саяхаттар мен білім алу жылы. Өз қалауыңызды айтып үйреніңіз. Сол арқылы жетістікке жетесіз. Бұл жыл сіздің мансабыңызда серпіліс жасап, үлкен жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Жеке қарым-қатынаста махаббат пен сыйластық орнайды. Отбасылық мәселені екінші орынға қоймаңыз. Өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз жыл соңында табысыңыз еселей түседі.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар) 2025 жыл Тауешкілердің өмірін өзгертеді. Бәріне үлгеру үшін жоспар құрып, уақытты бақылауға алған жөн. Жеке өмірде тұрақтылық пайда болады. Өзіңізге демалысқа уақыт бөліп, жан тыныштығына көңіл аударыңыз. Жақындарыңызбен байланыс нығая түседі. Күнделікті өміріңізді жеңілдетуге тырысыңыз. Энергияны көтеру үшін жаттығу залына барғаныңыз жақсы.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан) Суқұйғыштар үшін шығармашылық пен инновация жылы. Сізге шабыт беретін идеялар пайда болып, оларды жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндіктер туады. Жеке қарым-қатынаста жаңа таныстықтар мен романтикалық оқиғалар күтіп тұр. Денсаулығыңызды жақсарту үшін спортқа көңіл бөліңіз. Бизнесте ортақ келісімге келуге мүмкіндік бар. Суқұйғыштар осы жылы бойдағы талантын ашқаны дұрыс, сол арқылы айналаңыз міндетті түрде бағалайтын болады.

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз) Балықтар үшін рухани даму жылы болмақ. Күтпеген сыйлықтар мен табыс күтіп тұр. Жеке өмірде маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Материалдық тұрғыдан қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан осы жылы үнемшіл болған дұрыс. Шығармашылыққа жақын жандар үшін сәтті жыл болады. Жеке өміріңіздегі өзгерістерден абайлаңыз. Алаяқтардан сақтанған жөн. Жоспарларыңызды ешкімге айтпаған дұрыс.

А.АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: