Жұма, 17 қазан, 23:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

17.10.2025

48 0

Алдымен қонақтар «Сыр жұлдызы» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған орталық мамыр айында пайдалануға берілді. Академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды
Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркем-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

Сонымен қатар, Абай облысынан келген делегация «Анаға тағзым» орталығындағы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ананы құрметтеуге үндейтін жобаларға қызығушылық танытты. Абай облысының әкімі орталыққа ана мен бала бейнеленген суретті сыйға тартты.

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды
Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды
Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

Одан кейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратына барды. Нысан құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталып, биылғы маусымда пайдалануға берілді. Аумағы 3 мың шаршы метрден асатын ғимаратта 12 экспозициялық зал бар. Қорда 70 мыңға жуық тарихи экспонат сақталған, оның 25 120-сы түпнұсқа.

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды
Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

Музейдің бірінші қабатында «Киелі мұра» экспозициясы, «Табиғат және палеонтология», «Археология», «Орта ғасырлар өркениеті», екінші қабатта «Қазақ хандығы», «Этнография», «Өлке тарихы», «Алаш зиялылары», «Ерлік және даңқ», «Мәдениет және өнер», «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Ғарышты игеру», «Тәуелсіз Қазақстан» залдары орналасқан.

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

Археологиялық қазба жұмыстарының ғылыми негіздемелеріне сүйеніп жасалған алтын киімді «Шірік Рабат сақ жауынгері», алтын әшекейлі «Сығанақ ханшайымы», алтын қылышты «Түгіскен көсемі» және «Жетіасар ақсүйек әйелі» тарихи реконструкциялары ғылыми айналымға енгізілді. Залдардың құрылымы, жабдықтары мен безендірілуі жасанды интеллект элементтерін қолданып, 3D модельде жасалған.Әрі қарай аймақ басшысы мен қонақтар Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Абай облысының Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры артистері сахналаған, халықаралық театр фестивалінде бас жүлде иеленген «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» қойылымын тамашалады.

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды
Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: