Бейсенбі, 16 қазан, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті

16.10.2025

87 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының VIII шақырылымындағы облыстық мәслихат төрағаларымен кездесті.Оған «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашов, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Абай, Ұлытау, Түркістан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстық, Шымкент және Астана қалалық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.

Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті
Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті

Кездесуде аймақ басшысы жергілікті өкілді органмен бірлесіп атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұлтымыздың «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толу мерейтойына арнайы келген делегация мүшелеріне алғыс білдірді.

Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті
Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екінші республикалық форумында: «Жергілікті атқарушы билікке жаңа буын өкілдері көптеп келе бастады. Қазір олар ел басқару ісін үйреніп, тәжірибе жинауда. Оларға жан-жақты қолдау көрсету керек. Әсіресе, мәслихат депутаттары мен әкімдердің бірлесе жұмыс істегені жөн. Өйткені оларды мемлекеттің жергілікті жердегі қос тірегі деуге болады», – деп атап көрсетті. Конституциямызда айқындалғандай, жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүргізеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында облыстық мәслихат экономиканы әртараптандыру, оны жаңаша даму жолына түсіру, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындауға белсенді атсалысты. Ең бастысы, өз сайлаушыларының ел болашағына деген сенімін арттырды. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудежергілікті мәслихат қызметінің рөлі ерекше.Президентіміздің бастамасымен 2022 жылдан бері өткен бес ірі саяси науқанда жергілікті мәслихат депутаттары белсенді жұмыс жасағанын ерекше атап өтуіміз қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті

Басқосуда мәслихат төрағаларына Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толуына орай шығарылған естелік сыйлықтар мен арнайы тартулар табысталды.

Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті
Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті

Облыстық мәслихатпен бірлесіп атқарған жүйелі жұмыстың арқасында Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша республикада алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биыл облыс бюджеті 851,3 млрд теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға артты, оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. 2021 жылы даму бюджеті 47 млрд теңге болса, биыл 207 млрд теңгеге жетіп, 4,5 есе көбейді. Бұл қаражат халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы мәслихат төрағаларымен кездесті

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: