Сәрсенбі, 08 қазан, 20:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады

08.10.2025

115 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданының құрметті азаматы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары қатысты.Аймақ басшысы мерейтой иесіне құттықтауын жеткізіп, үлкенге құрмет көрсетудің, адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті.

Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады
Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады

«Дана халқымыз «Қадірлей білгенге құт қонады, құрметтей білгенге бақ тұрақтайды» деген. Өңіріміздің өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына бар күш-жігерін жұмсап, елдің қошеметіне бөленген аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсету біздің игі дәстүрімізге айналған. Бүгінгі ресми жиынымыз адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы болған ардақты ағамыз Сұлтанбек Оразымбетовке арналады.Сыр жұртшылығы Сіздің елеулі еңбегіңізді, өнегелі өмір жолыңызды жақсы біледі, құрмет тұтады. Парасатқа толы ғұмырыңыздағы іргелі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі.Жерлестеріңіз аймақтың дамуына зор үлес қосып, елдің ілтипатына бөленген Өзіңіздей жандармен мақтанады. Ақадал ниетті азаматтардың атынан бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Тойыңыз тойға ұласа бергей!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады
Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады

Сұлтанбек Қойшыбайұлы еңбек жолын Қызылту елді мекенінде қарапайым жұмысшылықтан бастап, әр жылдары комсомол ұйымының хатшысы, өндіріс бригадирі, Шиелі аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Гигант колхозында партия комитетінің хатшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994-2012 жылдары Шиелі аудандық мәслихатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымының хатшысы болды.

Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады

Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Мемлекет және қоғам қайраткерлері Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, ел ағасы Қалдыбай Сүгірбаев сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: