Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа қызметке келді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Алексей Цой 1977 жылдың 2 сәуірінде Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, сондай-ақ Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының жоғары корпоративтік басқару мектебін тәмамдаған.
Ол мансабын хирург-эндоскопист ретінде бастаған.
Цой әр жылдары президент іс басқармасы медициналық орталығының басшысы, денсаулық сақтау вице-министрі, әрі кейін денсаулық сақтау министрі қызметтерін атқарған.
2022 жылдың 31 қазанынан бүгінге дейін президент іс басқармасы медициналық орталығын басқарып, енді кеңесші қызметін атқарады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!