Жексенбі, 19 қазан, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

«Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті

19.10.2025

48 0

Бүгін қалалық ипподромда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай және Қала күні аясында «Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сыр еліндегі дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан келген 70-ке жуық шабандоз бақ сынап, жеңімпаздар анықталды.

«Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті

Атап айтсақ, 5 шақырымдық тай жарыста І орынды Жамбыл облысынан Нұрислам Амангелді, ІІ орынды Шиелі ауданынан Төрехан Бейбарыс, ІІІ орынды Жамбыл облысынан Әбіқадыр Санжар жеңіп алды.11 шақырымдық құнан бәйгеде І орынды Сырдария ауданынан Абдулашим Рамазан,ІІ орынды Шиелі ауданынан Рамазан Нұрлыбекұлы, ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Рауан Нартайұлы иеленді. 15 шақырымдық тоқ бәйгеде І орын Жамбыл облысынан келген Нұрасыл Танатқа, ІІ орын Алматы облысынан келген Болат Әбдікәрімге, ІІІ орын жаңақорғандық Төрехан Сұлтанға бұйырды. 25 шақырымдық аламан бәйгенің І орны Ұлытау облысынан Болат Әбдікәрімге,ІІ орны Жамбыл облысынан Орынбасар Нұрымға, ІІІ орны Жамбыл облысынан Мақсат Нұржігітке табысталды.

«Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті

Жүлделі орын иелеріне ақшалай сертификаттар берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: