Ақтау маңында ұшақ құлады. Апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы желіде тарады. Әзірге ұшақ ішіндегі жолаушлар жағдайы туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Embraer 190 ұшағы Әзірбайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
Құлау алдында ол Каспий теңізінің үстінен Төтенше жағдайлар департаментіне сигналын берген.
“Қазір оқиға орнына жеке құрамның 52 адамы және Қазақстан ТЖМ техникасының 11 бірлігі келді. Олар әуе кемесіндегі өртті сөндіруде”, – деді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, тірі қалғандар бар екендігі хабарланды. Ұшақ ішінде 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, алты адам аман қалған. Алайда барлығы ауыр халде.
“Ұшақ құлаған жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр”, – деді министр.
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиғаның себебі ұшақтың құстар тобымен соқтығысуы болды, деп хабарлады компания
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!