Алдын ала тергеу Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің ракетасы себеп болғанын анықтаған, деп жазады Alash.KZ. Бұл туралы Euronews телеарнасы Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеп мәлімдеді.
Одан кейін Reuters агенттігі бірнеше дереккөзіне сілтеп, апатқа Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі себеп болды деп хабарлады.
Euronews телеарнасының жазуынша, ұшақ апатына Ресейдің “жер-әуе” санатындағы ракетасы себепкер болған. Арна дереккөзінің айтуынша, Грозный аспанында дрондар жүргенде ракета да ұшырылған, зымыран аспанда ұшақтың маңында жарылып, сынықтары жолаушылар мен бортсеріктерге тиген.
Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз Euronews арнасына “бүлінген ұшаққа Ресейдің әуежайларына қонуға рұқсат етпей, рейсті Каспий теңізі арқылы Ақтауға бұрғанын” айтқан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!