Жұма, 03 мамыр, 01:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Біреу қарызға ақша сұраса, қалай бас тартуға болады? 3 әдіс

06.10.2023

926 0

Біреу сізден қарызға ақша сұраса, әркез бір сценарий қайталана ма? Оның бұл өтінішінен бас тартуға ұяласыз, өзіңізді «ол ақшаны қайтарады» деп көндіресіз, себебі оған «жоқ» десеңіз, оның сізден көңілі қалады деп ойлайсыз немесе өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Сондықтан келісе салған дұрыс ден санайсыз. Бас тарта алмау, өзіңізді біреуге міндетті секілді немесе кінәлі сезіну, басқа адам үшін өз жайлылығыңыз бен ресурсыңызды қию – мұның бәрі жеке шекара қоя алмауды көрсетуі мүмкін. Егер біреуге қарызға ақша бергіңіз келмесе немесе мүмкіндігіңіз болмаса, қалай бас тартуға болады?

Біреу сізден қарызға ақша сұрады:

Егер сіз басқа адамға көмектесе аламын деген қуаныш сезімінде болсаңыз және одан қандай да бір жауапты әрекет күтпесеңіз, ойланбастан өзіңізге қолайлы соманы бере беріңіз.
Егер «жоқ» деп айтуға ыңғайсыздансаңыз, «егер бас тартсам, мен жайлы не ойлайды», «ренжіп қалса не істеймін», «қажет болған кезде маған көмектеспей қоймай ма» деген секілді ойлар мазаласа, бұл дұрыс емес әрекеттің белгісі. Бұл жағдайда ақша шынымен бергіңіз келмесе, бас тартып үйрену керек.
Негізінде жеке шекарасы сақталған және өзіне сенімді адамдар қарызға ақша беруден бас тартуға себеп іздемейді, олар жай «жоқ» деп айта алады және ол үшін өздерін кінәлі сезінбейді. Егер сіз де солай өзіңізді ыңғайсыз сезінбей, өтініштен бас тартып үйренгіңіз келсе, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз:

1-кеңес: адамға емес, өтінішке «жоқ» деңіз

Бұл жай ғана өтініш. Оған келісу міндетті емес. Сізден тек мүмкіндік жайлы сұрап тұр. Бұл бас тартсаңыз, міндетті түрде онымен қарым-қатынасыңыз бұзылады деген сөз емес. Сіз тек дәл сол сәтте немесе сол әдіспен көмектесе алмайсыз.

2-кеңес: өз ұстанымыңызды сатпаңыз

Кей адамдар манипуляция жасап, сізді өзіне тиімді жаққа аударғысы келуі мүмкін. Олар аяушылық сезімін оятуға тырысады немесе ренжіп қалады. Берілмеңіз. Өз ұстанымыңызды сақтаңыз. Бұл сізге не үшін маңызды екенін ойлаңыз.

3-кеңес: жауап беруге бір күн уақыт сұраңыз

Бұл уақыт сізге ойлану үшін қажет. Онымен қалай сөйлесетініңізді ойлаңыз.

Жеке шекараны сақтай отырып, былай бас тартуға болады:

«Маған біздің қарым-қатынасымыз қымбат, мен оны құртқым келмейді. Бұрынғы достарыммен ақшаға қатысты жағымсыз тәжірибе басымнан өткен. Оны қайталағым келмейді»;
«Менің өмірлік ұстанымым – ешкімнен қарыз алмау және ешкімге қарыз бермеу»;
Не үшін қарызға ақша бермейтініңізді шынайы айту. Мысалы, ақшаңыз біреуде тұрса, бұл сізге ыңғайсыздықтар тудыратынын және оны қалаған уақытыңызда қолдана алмайтыныңызды айтыңыз.
Сөзсіз, шұғыл ақша керек болатын жағдайлар болады. Өзіңізді тыңдаңыз, қанша бере алатыныңызды ойлаңыз: қанша ақша жоғалтуға дайынсыз, сонша беріңіз. Әрине, көпшілік адам қарызға алған ақшасын қайтарады, бірақ әртүрлі жағдай болады, сондықтан осы принципті ұстанған жөн.

Ақпарат көзі: https://massaget.kz/layfstayl/91437/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: