Жексенбі, 28 сәуiр, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Челах секілді түрмеге қамаласың деп қорқытты»: Тараз маңындағы қоймадағы жарылысқа қатысты сотталғандар күтпеген мәлімдеме жасады

28.09.2023

437 0

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты сотталған сарбаздар соңғы сөздерін айтты. Ал олардың жақындары сотталушылардың кінәсін мойындағанына қарамастан жазықсыз екенін айтты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

Сотталушылардың сөзінше, оларды өмір бойына сотталады деп қорқытқан. 

«Егер кінәні мойындамасам, Челах секілді өмір бойына сотталасың деп қорқытты. Сол кезде шартты түрде сотталып, бостандыққа шығасың деді. Мен қорқып, олардың айтқанын істедім, бірақ бізді алдап кетті. Еш кінәм жоқ, ештеңені өртемедім. Прокурорлар да мұны біледі. Мені ақтап алуды сұраймын», – деді жігіттердің бірі. 

Шымкенттегі сотта 20 жастағы Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбай жауап берді. Сот жарты жыл Таразда, өтіп, соңғы сот отырысын басқа қалаға ауыстыру туралы шешім шығарды. Іс материалы 750 томнан асады. Бұл уақытта 300 куәгерден жауап алынды. 
Сарбаздардан бөлек 4 адам қаруды қолдану ережесін бұзу және салғырттық таныту бабымен сотталды. 

Еске салайық, әскери қоймадағы жарылыс 2021 жылы болған еді. Тергеу мәліметінше сарбаздар матаны өртеп, қойманың терезесінен лақтырған. Осылайша командирдің жазасынан құтылмақ болыпты. Жарылыс салдарынан өрт тұтанып, 18 адам көз жұмды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: