Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынады

02.12.2024

416 0

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың қаза табуымен аяқталған 15 өрт оқиғасы тіркелген. Ол сондай-ақ, Ақмола облысындағы қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді.

Бұл оқиғада өрт салдарынан екі бала қаза тапты. Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда балалардың қаза табуымен аяқталған 15 өрт тіркелген, олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған. Осы деректерді талдай келе, кәмелет жасқа толмаған 12 жасқа дейінгі балаларды үйде қалдыруға заңнамалық  тұрғыдан тыйым салу қажеттігін қарастыру керек деп санаймын. Әрине, мұнымен қатар қолдауға мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қарастырылуы тиіс,- деді Динара Закиева.

Қараша айында елордада төрт баланың өлімімен аяқталған өрт болған еді. Қайтыс болған балалардың жасы 2-ден 13 жасқа дейінгі аралықта еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: